«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Петушок» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
22 сәуір — Халықаралық Жер күні. Біздің балабақшада «Біздің планетамыз қауіпте» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл іс-шара балалардың табиғатқа саналы, ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыруға, экологиялық мәселелерді — су мен ауаның ластануын түсінуге және оларды шешу жолдарын іздеуге бағытталған.
Көрме аясында қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы туралы әңгімелер өткізілді, су мен ауаға байланысты тәжірибелер жасалды, танымдық бейнероликтер көрсетілді.
22 апреля отмечается Международный день Земли. В нашем детском саду была оформлена выставка "Наша планета в опасности". Данное мероприятие направлено на формирование у детей осознанного бережного отношения к природе, понимание экологических проблем - загрязнение воды, воздуха и поиск решений. В рамках выставки прошли беседы о необходимости сортировки мусора, опыты с водой и воздухом, просмотр позновательных видеороликов.
18 апреля в нашем детском саду прошёл субботник. В нём приняли активное участие сотрудники учреждения.
Все дружно и с хорошим настроением приводили территорию в порядок: убирали мусор, очищали участки, облагораживали пространство. Благодаря общим усилиям территория сада стала чище, уютнее и красивее.
Спасибо всем за труд, ответственность и заботу о нашем общем доме!
Ортаңғы топтарда «Тазалық пен ұқыптылық» күні аясында «Пішіндерді дұрыс құрастыр», «Пингвинді тамақтандыр», «Күн шуағын ұста», «Гүл шоғын құрастыр» ойындары өткізілді.
Аталған ойындарды ұйымдастыру барысында балалардың ұқыптылыққа, тәртіпке және шыдамдылыққа тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылды.
В средних группах в рамках дня "порядок и аккуратность" были проведены игры "Собери правильно фигуры ", "Накорми пингвина ","Поймай солнышко ","Составь букет".
При организации данных игр были достигнуты задачи по воспитанию аккуратности, порядка и усидчивости.
Ғажайып материал – жіптер! Олармен не істемейді десеңізші: тігеді, тоқиды, өріп жасайды, кестелейді. Бірақ жіп қалдықтарын қолданудың тағы бір тәсілі бар – ол аппликация жасау, мұнда жіптер бояу сияқты қолданылады. Жіптердің арқасында суреттер үлпілдек әрі жұмсақ болып, балалардың назарын ерекше аударады.
Жіптен жасалған аппликация бұйымдары өте ерекше көрінеді, ал онымен жұмыс істеу тәсілдері қарапайым және шығармашылық өзін-өзі көрсетуге шексіз мүмкіндік береді. Сурет жасау үдерісі балаларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды.
Удивительный материал нити! Что только с ними ни делают: шьют, вяжут, плетут, вышивают. Но есть ещё одно применение остаткам нитей - это аппликация, в которых нити используют как краски. Благодаря ниткам, картинки становятся пушистыми и мягкими, чем очень привлекают внимание детей. Изделия в технике аппликации из ниток выглядят оригинально, приемы работы с ним просты и представляют безграничные возможности для творческого самовыражения. Процесс создания картинки приносит детям много положительных эмоций.
«Тазалық пен ұқыптылық» күні аясында мектепалды тобында балалардың қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру, еңбек дағдыларын дамыту және тазалық пен тәртіпке жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында ауладағы еңбек жұмыстары ұйымдастырылды.
Балалар үлкен қызығушылықпен және ынтамен аула тазалығына қатысты: қоқыс жинады, жолдарды сыпырды, ойын алаңын ретке келтірді. Жұмыс барысында олар бір-біріне көмектесуді, топпен жұмыс істеуді және бастаған істі соңына дейін жеткізуді үйренді.
Осындай іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, ұқыптылығын тәрбиелеуге және тазалық әрқайсымыздан басталатынын түсінуге көмектеседі.
В рамках проведения Дня «Порядок и аккуратность» в предшкольной группе был организован труд на участке с целью формирования у детей бережного отношения к окружающей среде, развития трудовых навыков и воспитания ответственности за чистоту и порядок.
Ребята с большим интересом и старанием приняли участие в уборке участка: собирали мусор, подметали дорожки, приводили в порядок игровую территорию. В процессе работы дети учились помогать друг другу, работать в команде и доводить начатое дело до конца. Такие мероприятия помогают воспитывать у дошкольников любовь к труду, аккуратность и понимание того, что чистота вокруг начинается с каждого из нас.
Қай бала нағыз мейірімді ғарыштықтармен ұшатын табақшада кездесуді армандамайды дейсіз? Ең болмағанда, оларды өз қолымен жасап көруге әрқашан мүмкіндік бар. Біздің балалар мен олардың ата-аналары тек көңілді ғана емес, сонымен қатар өте шығармашыл жандар екенін көрсетті.
Қолөнер жұмыстары әртүрлі материалдардан жасалды: бір реттік тәрелкелерден, пластик стақандардан, CD-дискілерден, фольгадан, ескі ойыншықтардан. Ғарыш кемелері мен ондағы ғарыштықтар үлкен қиялмен, ерекше ынтамен жасалды. Міне, біздің нәтижеміз осындай болды.
Какой мальчишка или какая девчонка не мечтает встретиться с настоящими добрыми инопланетянами на летающей тарелке. Ну уж по крайне мере сделать их всегда есть возможность. Ведь наши ребята и их родители не только весёлые, но творческие люди. Поделки были сделаны из разных материалов: одноразовых тарелок, пластиковых стаканчиков, СД - дисков, фольги, старых игрушек. НЛО с пришельцами были выполнены с большой фантазией. Вот что у нас получилось.
Балабақшада тәртіп пен ұқыптылықты қалыптастыру – балалардың тұлғалық дамуының маңызды бөлігі. Мұны қызықты әрі түсінікті түрде өткізу үшін арнайы ұйымдастырылған іс-шара немесе оқу қызметі тиімді болады.
Бүгін біздің балабақшда тәртіп пен ұқыптылық күні өтті.Ортағы топ балалары «Көктемгі гүл» тақырыбында сурет салды.Балалар суретті ұқыпты,әдемі салуға тырысты. Осылайша біз балаларға тәртіп пен ұқыптылықтың маңызын түсіндіріп.Тазалыққа, жинақылыққа тәрбиелей отырып, жақсы әдеттерді қалыптастыруға қол жеткіземіз.
«Тазалық пен ұқыптылық апталығы» аясында балабақшаның ортаңғы топтарында «Алғашқы көктемгі гүлдер» тақырыбында ұйымдастырылған сурет салу іс-әрекеті өткізілді. Балалар контурдан шықпай, ұқыпты бояуды үйреніп қана қоймай, жұмыс орындарында тәртіп сақтаудың маңыздылығын да талқылады. Сонымен қатар, қарындаштар мен бояуларға ұқыпты қарау дағдылары бекітілді.Іс-әрекет соңында барлық қатысушылар өз жұмыстарын көрсетіп, үстелдерін ретке келтірді. Шығармашылықтың тек қызықты ғана емес, сонымен қатар ұқыпты болатынын дәлелдеді.
В рамках «Недели порядка и аккуратности» в средних группах детского сада проведена организованная деятельность по рисованию «Первые весенние цветы». Дети учились не только аккуратно закрашивать контуры, но и обсуждали важность порядка на столах, закрепляя привычку бережного отношения к карандашам и краскам. В завершение организованной деятельности все участники продемонстрировали свои работы и привели в порядок столы, подтверждая, что творчество может быть аккуратным!
Күлкі өмірді ұзартады дейді... Сол себепті біз ең көңілді мерекенің қарсаңында — 1 сәуір күні балабақшамызда «Көңілді клоундар» атты қолөнер және суреттер көрмесін ұйымдастыруды ұйғардық.
Балалар мен ата-аналардың қиялы мен шығармашылығы өте бай әрі күтпегендей болды. Барлық жұмыстар өзгелерді өз өнерлерімен қуанту үшін шын жүректен, сүйіспеншілікпен жасалды. Ең бастысы — балалар мен ата-аналар риза, өйткені әркім өз көңіл күйіне сай күлкілі клоундар жасап, жұмыстар көздің жауын алады.
Говорят, что смех продлевает жизнь... Вот и мы решили в канун самого весёлого праздника - 1 апреля, в нашем детском саду организовать выставку поделок и рисунков "Весёлые клоуны". Большой и неожиданной оказалась фантазия, творчество детей и родителей. Всё было сделано с душой и любовью, чтобы порадовать других своим мастерством. Главное, довольны ребята и родители, ведь клоунов сделали смешных, под свое настроение, которые радуют их теперь.
Балабақшада көктем мезгіліне және Наурыз мерекесіне орай барлық топтарда мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Кіші және ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен «Көктем келді» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, балалар табиғаттағы өзгерістермен, көктемнің ерекшеліктерімен танысты.
Ересек топтарда «Көктемгі гүлдер» тақырыбында шығармашылық жұмыстар өткізілді. Балалар түрлі материалдарды пайдаланып, әдемі гүлдер жасап, өздерінің қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Ал мектепалды даярлық тобында «Наурыз – жыл басы» атты ертеңгілік ұйымдастырылып, балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. Олар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, мерекелік көңіл-күйде болды. Осы іс-шаралар арқылы балалардың танымдық қабілеті артып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы қалыптасты
Страница 3 из 33