«Петушок» бөбекжай-бақшасында» «Заң және тәртіп» жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздерім – мақтанышым» атты іс-шара өткізілді.
Шара барысында балалар мемлекеттік рәміздер туралы мағлұмат алып, ойындар ойнап, тақпақтар айтып, патриоттық әндер орындады. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру.








