«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналарымен «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» тақырыбында жұмыс 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында: әңгіме жүргізілді.
Мақсаты: ата-аналардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, балаларға патриоттық тәрбие берудегі отбасының рөлін арттыру, заңға, тәртіпке және мемлекеттік құндылықтарға құрмет қалыптастыру.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті. Рәміздерге құрмет көрсету арқылы балалар елін, жерін, заңын және ұлттық құндылықтарын сыйлауға үйрету. Отбасында патриоттық тәрбие беру баланың жауапкершілікті, тәртіпті және саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету.





