Балабақшада ересек және мектепалды топтарында «Ана тілім – ардағым» тақырыбында танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалармен тілі туралы әңгіме өткізіліп, ашық хаттар дайындалды, тілдік ойындар ойнатылды, қазақ ертегілері оқылып, тіл туралы мақал-мәтелдер жатталды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілердің қазақ тіліне деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайды. Балалар қазақ тілді құрметтеудің маңызы түсіндірілді. Ойындар мен тапсырмалар арқылы балалар жаңа сөздер үйреніп, сөйлеу мәдениетін жетілдірді.








