016yaz smБалабақшада көктем мезгіліне және Наурыз мерекесіне орай барлық топтарда мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Кіші және ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен «Көктем келді» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, балалар табиғаттағы өзгерістермен, көктемнің ерекшеліктерімен танысты.

Ересек топтарда «Көктемгі гүлдер» тақырыбында шығармашылық жұмыстар өткізілді. Балалар түрлі материалдарды пайдаланып, әдемі гүлдер жасап, өздерінің қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Ал мектепалды даярлық тобында «Наурыз – жыл басы» атты ертеңгілік ұйымдастырылып, балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. Олар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, мерекелік көңіл-күйде болды. Осы іс-шаралар арқылы балалардың танымдық қабілеті артып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы қалыптасты

3nrz1

3nrz2

3nrz3

3nrz4

3nrz5

3nrz6 

Посетителей • Келушілер:
Счетчик посещений Counter.CO.KZ


КОНТАКТЫ • БАЙЛАНЫС