16 - наурыз -Шаңырақ күні. Мақсаты: "Отбасылық құндылықтарды нығайту
Отбасы – әр баланың алғашқы тәрбиелік ортасы, мейірім мен сүйіспеншіліктің бастауы. Балабақшада отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы біз балалардың ата-анаға деген құрметін арттырып, өз отбасы туралы жылы сезімдерін қалыптастырамыз. «Шаңырақ күні» тақырыбында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Менің отбасым» әңгімесі. Балалар өз отбасылары туралы әңгімелеп, ата-аналарының мамандығы, үйдегі дәстүрлері мен сүйікті іс-әрекеттері туралы бөлісті. «Біздің шаңырақ» шығармашылық жұмысы. Балалар өз шаңырақтарын бейнеледі. Бұл жұмыс балалардың қиялын кеңейтіп, отбасының бірлігін түсінуге ықпал етті.
«Отбасылық дәстүрлер» ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында балалар ұлттық және заманауи дәстүрлер туралы айтып, әр отбасының өзіндік ерекшеліктерін талқылады. Бұл балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, дәстүрлерге деген құрметін қалыптастырды.
Қорытындылай келе, мұндай іс-шаралар балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершілік қасиеттерін дамытады. Отбасы – тәрбие бастауы екенін бала жүрегіне сіңіру – біздің басты міндетіміз.









