016yaz sm

14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күні амандасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше дәстүріміздің белгісі.  Балабақшада  Көрісу күні (Амандасу күні) тәрбиешілер мен  балалар бір-бірімен көрісіп тілектерін білдірді. Ұлттық дәстүрді дәріптеген бұл сәттер бәрімізге жылулық сыйлады.

«Жылы лебіздер» атты таңғы шеңберден басталды. Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне күлімдеп қарап, жылы сөздер айтып амандасты. Олар достарына жақсы тілектер айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл балалардың бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасын арттырды.

Келесі кезекте «Досыңмен амандас» ойыны ұйымдастырылды. Балалар музыка ырғағымен қозғалып жүріп, музыка тоқтағанда жанындағы досымен әртүрлі тәсілдермен амандасты: қол алысып, күлімдеп, бас изеп амандасты. Ойын балаларға амандасудың әдептілік белгісі екенін түсіндіріп, достық қарым-қатынасты нығайтты.

Сонымен қатар балалармен «Неліктен амандасу маңызды» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Тәрбиеші балаларға амандасу – адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын білдіретін жақсы дәстүрекенін түсіндірді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, үлкендермен және достарымен қалай дұрыс амандасу керектігін айтты.

0ks1

0ks2

0ks3

0ks4

0ks5

0ks6

0ks7

0ks8

0ks9 

Посетителей • Келушілер:
Счетчик посещений Counter.CO.KZ


КОНТАКТЫ • БАЙЛАНЫС