Қазақстан халықтарының тілдеріне рухани-адамгершілік мұра, әр халық мәдениетінің ұлттық нышаны ретінде құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 11-22 қыркүйек аралығында «Петушок» бөбекжай-бақшасында Тілдер апталығы өткізілді. Апталықты Қазақстан Республикасының әнұранымен ашты. Кішкентай бүлдіршіндермен қазақ тілінде өлеңдерді мәнерлеп орындап, ұлттық ойындар ойыналды.
Аталған апталық аясында бекітілген жоспар бойынша әрбір топтар өздерінің қабырға газетін жасады. Бейнелеу сабағында киіз үймен, ұлттық оюдың суреттерін салып бояды. Балабақшаның тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.